Фото ©REUTERS
Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, кезеңнің басында Қазақстан аумағы арқылы терең Атлантикалық циклон өтеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алайда, 4 қарашада циклонның соңынан батыстан антициклон жылжиды, сол себепті түстен кейін жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі.
"Ауа температурасы түнде еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяз - 8 градус жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 2 градус аяз - 5 градус жылы, таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман болады деп болжанып отыр" - делінген хабарламада.