Фото: metalmininginfo.kz
«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәлімет бойынша, 5 қарашада «Қазақмыс» компаниясының кәсіпорны «Шығыс Жезқазған» кенішінің № 57 шахтасында жазатайым оқиға болған.
«Жұмысты орындау кезінде тау жынысы құлауы салдарынан 1984 жылы туған тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алды.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», - делінген хабарламада.