21 қаң, 2026 сағат 17:22

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған бейнеүндеу жолдады

Фото: Видеодан скриншот

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі компания қызметкерлеріне өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған бейнеүндеу жолдады.

Ол қауіпсіздік - әрбір жұмыскердің негізгі құқығы және жоспар мен мерзім үшін ешқандай ымыраға жол бермейтін басты басымдық екенін атап өтті.
 
Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға басшылыққа
ерекше жауапкершілік жүктелетініне назар аударды.

Бұл үндеу компанияда өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.