"Қазақмыс" компаниясында магистральді конвейерді іске қосу кезінде 1980 жылғы конвейер машинисі алған жарақаттан қаза болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақмыс" компаниясы 2016 жылғы 30-шы қазанда "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" кенішінде болған қайғылы оқиғаны хабарлайды."Қазақмыс" компаниясы және еңбек ұжымы отбасына және туысқандарының қайғы қасіреттеріне ортақ екенін білдіреді", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда болған оқиғаны зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды.