"Қазақ титаны" лақап атымен танылған қазақстандық алып Алмат Жұманов Дубайда (БАӘ) Dubai P7 Arena шаршы алаңында өткен Wicked N' Bad промоутерлік турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мassaget.kz порталына сілтеме жасап.
Жұманов өзін "ирандық Халк" деп атайтын Саджад Гарибимен жекпе-жек өткізді. Олар бокс ережесі бойынша әрқайсысы екі минуттан төрт раундтық форматта жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте жеңісті "Қазақ титаны" иеленді. Ол бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді.
Еске салайық, жекпе-жек алдында Жұманов Гарибиге: "Саджад, сен мені жекпе-жекке шақырдың, мен келдім. Бұл сенің өміріңдегі ең үлкен қателік. Жекпе-жек сен үшін өте қиын болады", - деп айтқан болатын.