02 қыр, 2019 сағат 09:18

Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді - Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауын жариялауда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. 

«Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.