06 ақп, 2025 сағат 17:38

Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын – Нұрлан Өнербаев

Фото: Уикипедия

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші және қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салу идеясын ұсынды, деп жазады Ult.kz.

Бұл туралы ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын", - деді ол.


Өнер иесінің бұл бастамасын оқырмандары бірауыздан қолдады.

"Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы", "Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын", "Әп бәрекелді", "Келісемін", "Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей кеттік шүлдірдеп", "Орынды ұсыныс", - деп жазған олар.