17 ақп, 2025 сағат 16:26

Қазақ радиосының шоқ жұлдызына арналған кітап жарыққа шықты

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда Сауық Жақанованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сахара сандуғашы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ радиосының танымал дикторы, ел мәдениетіне айрықша үлес қосқан тұлға Сауық Жақанованың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.

Сауық Жақанова ұзақ жылдар бойы атқарған еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық орта өкілдері, радио және телевизия қызметкерлері, журналистер, сондай-ақ Сауық Жақанованың туыстары мен жақындары қатысты.

Жиналған қауымға Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның арнайы құттықтау хаты оқылды.