5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен алғашқы жарыс күнінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады.
Бүгін, 9 қыркүйек бозкілемге ерлер 55, 60, 66, 74 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде шықса, әйелдер 48, 52, 56 және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде бақ сынап жатыр.
Алғашқы жарыс күнінің іріктеу кезеңінің нәтижесі:
-55 кг: Б.Төлепов (Қазақстан)\К.Оболбеков (Қырғызстан)
-60 кг: Е.Бакшиев (Әзірбайжан)\М.Берекетов (Қазақстан)
-66 кг: Д.Тұқышев (Қазақстан)\М.Ширинов (Өзбекстан)
-74 кг: Е.Хасанов (Әзірбайжан)\Ж.Қожамбеков (Қазақстан)
Әйелдер:
-48 кг: Л.Асакеева (Қырғызстан)\А.Жылқыбаева (Қазақстан)
-52 кг: С.Муродова (Өзбекстан)\Н.Азаматова (Қазақстан)
- 56 кг: А.Фатихова (Ресей)\Р.Нұрмахамметова (Қазақстан)
-60 кг: Б.Құсақбаева (Қазақстан)\С.Лнияни (Польша)
Финалдық белдесулер сағат Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Қазақ күресінен жарыстар Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Қазақ күресі бойынша жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек спорт сарайында өтуде.