Фото:КФФ
Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса елімізде Футболды қаржыландыруды тоқтату керек деп есептейді деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
"2021 жылы депутаттық сауал жасалған. Өйткені спорттағы ең көп қаржы осы футболға бөлінген. Ол кезде Франциядан 8 де 0 болып ұтылған еді, биыл Грекиядан 5 те 0 болып ұтылды. Яғни үш гол төмендеппіз. Жетістік сол. Сол кезде 49 клуб болған. Сол кезде біз ақшаның бәрі қайда кетіп жатыр дедік. Сол кезде облыстық бюджеттен клубтарған 111 де 2 млрд. ақша бөлінген. Ал әлемдік спорт деңгейін айқындап отыратын "Transfermarkt" жалпы 133 млрд. теңге бөлінді деген. "Қазақ футболында гол жоқ, ал қазақ ауылында жол жоқ" деп айтқаным сол. Біріншіден бұл ақша қалай бөлініп жатыр? Екіншіден, бұл қаражат кімге кетіп жатыр? Бізде 2021 жылғы 49 клубтың ішінде премьер лигадағы 371 футболшының 150-і, яғни жартысына жуығы легионер. Тіпті бірінші лигадан да 16 футболист бар. Сонда бұл ақшалардың жартысынан көбі шетел асып кетіп жатыр", -дейді Қазыбек Иса өз сөзінде.