22 шіл, 2024 сағат 17:34

Қазақ файтері анасының қазасына қарамастан рингке шықты


Скриншот: youtube.com/@NomadFightingChampionshipKZ 
Қазақ файтері  Ернат Түгелбеков анасының қазасына қарамастан рингке шықты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

“Балқаш жолбарысы” деген лақап атпен жекпе жекке шығып жүрген қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков кезекті жеңісін сырқаттан көз жұмған анасына арнады. Себебі оның анасы Ернат жекпе жекке шығардан 3 сағат бұрын ғана дүние салыпты.

Бұл туралы айтқан  “Балқаш жолбарысы”  көз жасына ерік беріп, анасын Меккеге, Дубайға апарысы келген ниетін жеткізді.

"Қарсыласыма рахметімді айтамын. Бұл жеңісімді анама арнаймын. Үш сағат бұрын суық хабар келген. Жекпе-жектен үш сағат бұрын анам өмірден өтті. Анашым, жанын жәннатта болсын. Ақша керек болды, кездесуге шығуға тура келді.
Анам жеті жыл ракпен ауырды. Сізді жазылып, Меккеге апарам деп ойлағанмын. Дубайға апарғым келген. Жеті жыл қиналдыңыз. Қыдыртамын деп едім. Арманыма жете алмадым", - деді ол.