08 там, 2024 сағат 17:32

Қазақ бапкері баптайтын тунистік таеквондошы олимпиада жүлдегері атанды

Фото: Alex Pantling/Getty Images

Қазақ бапкері Есбол Сұлтанов жаттықтыратын тунистік таеквондошы олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Есбол Сұлтанов баптайтын Тунис құрамасының таеквондошысы Мохамед Халиль Жендуби Париж олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді. Ерлер арасында 58 келі салмақта сынға түскен спортшы жартылай финалда корейлік Таежун Парктен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.Сондай-ақ Есбол Сұлтанов жаттықтыратын Тунис елінің 4 таеквондошысы Париж олимпидасында жолдама алған. Өкінішке қарай, бұл салмақта сынға түскен қазақстандық Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль'аквиладан жеңіліп қалған еді.  

Айта кетейік, Есбол Сұлтанов Қазақстан құрамасының сапында 2007 жылы Бейжіңде өткен әлем чемпионатына қатысқан. Одан бөлек, таеквондошы 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарында да өнер көрсеткен болатын.