Қазақстандық ауыратлет Светлана Подобедова ХОК-тың Лондонда жеңіп алған Олимпиада медалін қайтару туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді. Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ол медальдің өзіне ғана емес, Қазақстан халқына тиесілі екенін айтып, оны қайтармайтынын мәлімдеді.
"(...) Әрине, оқиға жақсылықпен аяқталады деген үмітіміз болды, барлығы да қате болып, қорқынышты түстей өте шығады деп ойлап, жаттығуымызды жалғастырдық, бірақ... Бізді Олимпиадаға жібермегенде мұның барлығы не үшін болып жатқаны түсінікті болды... Мұның бәрі артта қалды. ХОК отырысынан өз басым жақсы жаңалық күтпедім, себебі олар өз шешімін ешқашан өзгертпеген. Әрине, Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, біздің федерация біз үшін соңына дейін күресті, адвокат жалдады, бірақ WADA қателестік демейтін шығар, оның мәні де жоқ, себебі өздерінің негізгі жұмысы бітті - әлемнің үздік спортшылары Олимпиадаға қатыса алмады...", - деді Светлана Подобедова.
"Медальді қайтаруға ниетім жоқ. Медаль үшін күрестім, өз еңбегіммен алдым, көптеген жаттығуымның арқасы. Сол кезде осы мелдаль үшін бүкіл Қазақстан қуанды, себебі бұл медаль менікі ғана емес, Қазақстан халқына тиесілі. Біз оны не үшін қайтаруымыз керек? Оны бізге сол кезде не үшін берді? 10 жылдан кейін бірақ бермей ме. Жоқ, мұны талқылауға да келмейді. Бізді Олимпиадаға дейін де, кейін де тексерді - бәрі дұрыс болатын. Ал төрт жылдан кейін не болғаны әлі күнге дейін жұмбақ. Егер қажет деп жатса, көшірмесін жасатамын да, жібере саламын", - деді ауыратлет.
Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика комитеті 2008 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің медалін қайтару туралы шешім қабылдаған. Зілтеміршілер Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зүлфия Чиншанло 2012 жылғы Олимпиаданың алтын медальдарынан айырылған. Барлық спортшының қанынан биыл тыйым салынған заттар табылған еді.