05 ақп, 2026 сағат 15:42

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Kaisar Plaza аукционға қойылды


Фото: ашық дереккөз


Алматыдағы Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан бұрынғы сауда-офис орталығы 61,5 млрд теңгеге сатылымға шығарылды. Ғимарат Чайковский көшесіне дейін созылып жатыр.


Нысанды КУВА саудаға қойды. Кепіл ретінде 9,2 млрд теңге төлеу қажет. Аукцион 7 сәуірде өтеді.


Ал 2026 жылғы 20 қаңтарда жасалған бағалау есебіне сәйкес, ғимараттың нарықтағы бағасы — 44,5 млрд теңге.