29 қыр, 2025 сағат 17:51

«Қайрат» - «Реал» матчы Қазақстан бюджетіне қанша қаржы әкеледі?

Фото: ашық дереккөз

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойынды көруге 4 мыңнан астам шетелдік турист келмек. Болжам бойынша, бұл ел экономикасына 2-3 млрд теңге кіріс әкеледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Алматыда матч қарсаңында ерекше атмосфера орнады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлер мадридтік футболшыларды көру үшін қонақ үй маңына жиналды. Кеше мұнда мыңдаған адам күтіп алса, бүгін қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полиция қоршауы қойылды.

Қонақ үй аумағына артық адамдар кіргізілмей, тәртіп қатаң сақталуда. Бұл шаралар футболшылардың тыныштығын қорғап, матч алдындағы дайындықты қамтамасыз ету үшін қабылданды.