Скрин шот: Нұрәли Әлиев instagram парақшасынан
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәли Әлиев Алматыдағы орталық стадионда өткен қазақстандық «Қайрат» футбол командасы мен испандық «Реал Мадрид» арасында өткен ойынды тамашалап, әкесі, марқұм Рахат Әлиевтің Қазақстан Футбол федерациясын басқарған кезін еске алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол соңғы күндері әкесінің атына жылы естеліктер естіп жүргенін айтты. Себебі дәл Рахат Әлиевтің Қазақстан футбол федерациясын басқарған кезінде еліміз 2002 жылы 25 сәуірде Азия конфедерациясынан шығып, ресми түрде УЕФА-ға мүше болды.
"Мишель Платинимен Стокгольмдегі келіссөздер және оның 2005 жылы Алматыға бірінші сапары жақсы есімде. Бәрі сол кезде басталған еді...
Ал кеше орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым: біздің алматылық «Қайрат» УЕФА-дағы ең үздік клуб «Реал Мадридке» қарсы ойнады. Мұның бәрі – АЛМАТЫДА!
Сол кезде мен бұл шешімнің қаншалықты стратегиялық маңызды болғанын түсіндім. Арада жылдар өткен соң ол өз жемісін береді.
Мен мақтанамын! Барша алматылықтарды, барша Қазақстанды және, әрине, «Қайрат» футбол клубын осы тарихи сәтпен құттықтаймын!", - деді ол өз жазбасында.
