30 қыр, 2025 сағат 11:38

«Қайрат» пен «Реал» футбол матчы қарсаңында Алматыда бірнеше көше жабылады

Фото: Gurk.kz

«Қайрат» пен «Реал» командалары арасындағы халықаралық футбол матчының қарсаңында Алматы полициясы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қабылдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қалалық полиция Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын алдын ала қозғалыс шектеу сызбасымен танысуға, өз бағытын түзетуге және қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырды.

"Азаматтарды түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл шаралар уақытша сипатқа ие және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған", - делінген хабарламада.