Фото: arena.olimpbet.kz
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы ойындарын жалғастыруда. Келесі матчта «Қайрат» Кипрдің «Пафос» клубымен сынға түседі, деп хабарлайды Ult.kz.
Кездесу 21 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.Ойынның басталуы – сағат 21:45.
Билеттер бүгін, 13 қазанда сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты. Оларды Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Сатып алу тәртібі бұрынғы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезіндегідей.
Екі турдан кейін «Қайраттың» қоржынында әзірге ұпай жоқ. «Пафоспен» кездесуден соң алматылықтар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде тағы бес матч өткізеді.
Бұған дейін команда сырт алаңда португалиялық «Спортингпен», ал өз жанкүйерлері алдында испаниялық «Реал Мадридпен» кездескен еді.
