Фото: Zakon.kz
Бүгін Алматыда көптен күткен халықаралық футбол матчы өтеді. УЕФА аясындағы бұл кездесуде қазақстандық «Қайрат» клубы әйгілі мадридтік «Реалға» қарсы алаңға шығады, деп хабарлайды Ult.kz.
Қала тұрғындары үшін үлкен спорт мерекесіне айналатын матч кезінде қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысын реттеуге 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылмақ.
Матч өтетін күні қалада көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі. Полиция тұрғындар мен қонақтарға бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.
Алматы полиция департаменті жанкүйерлерге мәдениетті қолдау көрсетуге шақырды:
«Команданы қолдаңыздар, бірақ мәдениетті түрде. Қаламызды таза ұстайық, бір-бірімізге және қонақтарға құрметпен қарайық. Бұл Алматы мен еліміздің имиджіне оң ықпал етеді», – делінген ресми хабарламада.
