26 қар, 2025 сағат 11:26

"Қайрат Нұртастың да кредиті бар": Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас туралы айтты


Фото: astanatv.kz

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртас туралы қызық оқиғаны бөлісті берді, – деп хабарлайды Ult.kz.

Гүлзира Айдарбекованың сөзіне қарағанда Қайрат өзінен көмек сұраған адамға несие алып берген көрінеді.

"Көбі Қайраттың да кредиті бар ма деп күледі. Бұл қайдан шықты? Несиені өзіне алмайды ол. Мысалы, ұшақтан түскеннен кейін алдынан біреу шығып, «Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба? Несие төлеуім керек еді» депті. Қайрат «Несиеңіз қанша?» деп сұраған. Сөйтсе 1 млн 600 мыңдай екен. Бірақ ол қолындағы затын 200 мыңға ал деп тұр. Сөйтсе қалтасында артық ақша жоқ. Өйткені Қайраттың ақшасы ИП-ға түседі. Сонда кредит алады да, ана кісіге ақшаны аударып жібереді. Оны қайдан естіп алатынын білмеймін, Қайрат Нұртастың да кредиті бар екен деп шулады", - деді продюсер "Шәйдің қыздары" подкастында.