«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов дайындық жұмыстары жайында айтып берді. 5 шілде күні орталықтың ресми ашылуы өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Естеріңізде болса, өткен аптада мен 1 шілдеге дейін 50-ге жуық компанияның тіркелетіні жайында айтқан едім. Бүгін жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Осы уақытқа дейін 55 компания тіркеліп үлгерді. Жылдың аяғына дейін 100 компания тіркеледі деген жоспар бар. Демек, жоспардың жартысы орындалды. Әлемдік қаржы ұйымдары тарапынан қызығушылық бар», - деді Қ.Келімбетов Үкімет үйінде өткент баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі жоспар - «Астана» халықаралық қаржы орталығында 550-ден астам компанияны тіркеу. Ал осы уақытқа дейін тіркелген компаниялардың ішінде АҚШ, Қытай мен Ұлыбританияның өкілдері, сондай-ақ, Қытайдың үкіметтік даму банкі бар. Қаржылық теxнологиялар бойынша тіркеуге тұрған компаниялар да аз емес. Олар - Ресей, Тайланд, Нигерия, Африка мемлекеттері мен Швейцарияның өкілдері. Аталған компаниялар жаңа төлем құралдары, банкинг және тағы басқа қызметтер бойынша жұмыс істеуге даяр.
Бұдан бөлек, қаржы орталығының биржасына келген брокерлік компаниялар да бар. Биржаның басқарма төрағасының орынбасары Әмина Тұрғылованың сөзіне қарағанда, осы аптада бірқатар брокерлік компанияларға арнайы куәліктер тапсырылады.