«Қайрат» ФК-нің бас бапкері Кирилл Кекер «Алашкертпен» болған матчтан кейін қызметінен кететіні туралы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өкінішке орай, біз соңғы мачта қанағаттандыратын нәтижеге жете алмадық. Осыған байланысты бас жаттықтырушының қызметінен кетуге шешім қабылдадым. Клубтың маған білдірген сенімі және бас жаттықтырушысы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін», - деді Кирилл Кекер.
Команданы «Каспийге» қарсы кубоктық матчқа Гавриленко Артем Анатолийұлы дайындайды.
Еске салсақ, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасынан жеңіліп қалды.