«Қайрат» Чемпиондар лигасы кестесінде соңғы орында тұр, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қайраттың» «Спортинг» және «Реал» командаларымен ойнаған екі турынан кейін ұпай жинай алмады және 36-орынға жайғасты.
Голдар айырмасы — 1:9.
Алғашқы ойында алматылық команда «Спортингке» 1:4 есебімен есе жіберсе, ал екінші ойында мадридтік «Реалды» өз алаңында қарсы алып, 0:5 есебімен ұтылды.
Келесі ойын 21 қазанда Алматыда Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өтеді.
