22 қар, 2021 сағат 12:15

"Қайрат" Бердыевтің жалақысына қатысты мәлімдеме таратты


"Қайрат" футбол клубы бас бапкер Құрбан Бердыевтің жалақысы туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Желідегі дереккөздердің бірі маман жылына 600 мың доллар алатынын және Қазақстан чемпионатында ең көп жалақы алатын бапкер екенін айтқан.

"Қайрат" бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді, сонымен қатар, еңбек шартындағы талаптардың құпиялылығына байланысты маманның нақты табысын жариялау дұрыс емес деп санайды", - делінген клуб хабарламасында.

ҚПЛ-2021 турнирінде алматылықтар үшінші орын алды. Бұл ретте олар үшін маусым аяқталған жоқ. 25 қарашада олар Конференция лигасының топтық кезеңінде швейцариялық "Базельді" қабылдайды, ал 9 желтоқсанда кипрлік "Омониямен" сырт алаңда ойнайды.