ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы Ресей Елшілігіне келіп Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы Ресей Елшілігіне келіп Кемероводағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты», - деп жазады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасына.
Еске сала кетейік, Кемеровода болған ірі өрт апаты 64 адамның өмірін қиып, тағы 76 адам зардап шеккен болатын.