Фото: Видеодан скриншот
45 жастағы реалити-шоу жұлдызы Ким Кардашьян ұзақ уақыт дайындалған Калифорния адвокаттар алқасының емтиханын өте алмай қалғаны үшін көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Ult.kz.Кардашьян әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған тоғыз минуттық влогында емтиханға қарқынды дайындалған екі аптасын көрсетті. Осы уақыт ішінде жұлдыз барлық шаруасын тоқтатып, тек оқуға көңіл бөлген.
Кардашьян көзіне жас алып, заңгерлік жолында кездескен қиындықтар туралы ашық айтып берді. Ол видеода қатты шаршағанын, алға қадам жасайын десе үнемі бірдеңе кері тартып тұратынын айтып егіледі.
"Мен осы жолдың көп бөлігін сіздермен бөлістім, ал биыл жазда соңғы екі апталық дайындық кезеңімді қорытындылап, оның қуанышты сәттері, қиындықтарының бәрін көрсеттім. 7 қарашада мен емтиханынан өтпегенімді білдім. Бұл көңіл түсірді, бірақ соңғы нүкте емес. Бұл арман мен үшін тым маңызды, сондықтан мен одан бас тартпаймын — оқуды жалғастырып, үйренуді жалғастырып, өзім үшін барымды салуды тоқтатпаймын, сол сәтке жеткенше", -деп жазды жұлдыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
