Фото: egov.kz
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жоматр Тоқаев өзінің X парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
"Бүгін – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні 2009 жылы 2 желтоқсанда болған БҰҰ-ның алпыс төртінші бас ассамблеясында бекітілді. Жаңа дата, яғни 29 тамыз БҰҰ, әлем елдері, үкіметаралық және ҮЕҰ-дың Ядролық сынақтарды тоқтатуға бірлесе күш салатын күні.
