28 қар, 2024 сағат 16:13

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының ашылуында сөз сөйледі

Фото: Ақорда

Президент Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) «жай ғана әскери серіктестік емес, егемендік пен мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қорғау үшін күш пен ресурстарды біріктіретін бірегей механизм» екенін атап өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

«Президент Қазақстанның ҰҚШҰ төрағасы ретінде ұйымға мүше елдер арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтуға, дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бар күш-жігерін жұмсады. Сондай-ақ терроризм, кибершабуыл, трансұлттық қылмыс және заңсыз есірткі айналымы секілді қазіргі заманның қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Ұйым мүмкіндіктерін жетілдіруге баса мән берді», — деді Тоқаев.


Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ҰҚШҰ-ның алдында тұрған барлық міндеттер орындалған.

«Сессияаралық кезеңде бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Олар халықаралық ынтымақтастық, қорғаныс саласындағы ықпалдастық, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздіктің өзекті сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-қимыл мәселелерін қамтиды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге қатысты дайындық жұмыстарына айрықша мән берілді», — деп қосты ол.


Шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері қатысты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанаға келмеген сияқты.