03 сәу, 2025 сағат 18:05

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына барды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.