10 қар, 2025 сағат 15:42

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады

Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ult.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.