Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегациялар төмендегі бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттармен алмасты:
-
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім – екі ел арасындағы мәдени байланыстарды күшейтуді көздейді.
-
Көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
-
Зейнетақымен қамтамасыз ету саласында ақпараттық ықпалдастық жөніндегі келісім – Қазақстан мен Түрікменстанның Еңбек министрліктері арасында.
-
Құқықтық саладағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум – Әділет министрліктері арасында.
-
Ветеринария саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі меморандум.
-
Астық дақылдары бойынша ғылыми-зерттеу және аграрлық ғылым саласындағы бірлескен жұмыс туралы меморандум.
-
Көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің 2026–2027 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары.
-
Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың 2026–2027 жылдарға арналған негізгі іс-шаралар жоспары.
-
Маңғыстау облысы мен Балқан уәлаяты арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы меморандум.
-
Қазақстан мен Түрікменстан Ғылым академияларының ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумы.
-
Ақпараттық саладағы ынтымақтастық туралы келісім – Қазақстан Президенті телерадиокешені мен Түрікменстанның телевизия және радио жөніндегі мемлекеттік комитеті арасында.
Бұл құжаттар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
