23 сәу, 2025 сағат 10:52

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президенттің құттықтауын ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады", — деп жазды Руслан Желдібай.


Мемлекет басшысы өз құттықтауында Ұлттық кітап күні — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн екенін атап өтті.

"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", — делінген құттықтауда.


Осыған дейін Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар апталығы басталғанын жазғанбыз.