"ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Елдос Сметовті құттықтады", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.
«Әлем чемпионы Елдос Сметовті Олимпиада күміс медалін жеңіп алуымен құттықтаймын. Жақсы нәтиже!» деп жазылған Қ. Тоқаевтың парақшасында.
Айта кетейік, Риода дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Елдос Сметов Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ол финалда ресейлік балуан Беслан Мудрановпен белдесіп, негізгі уақытта тең дәрежеде өнер көрсетті. Өкінішке қарай қосымша уақыттың соңғы секундтарында ресейлік спортшы айласын асырып кетті.