Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, КО) пуэрторикандық Сабриэль Матиске (16-1, 16 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Батыр Жүкембаев нокдаун алып, мансабында алғаш рет уақытынан ерте жеңілді.
Олар рингке Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) бокс кешінде шықты. Айқас он екі раундқа жоспарланған болатын, алайда қазақстандық тоғызыншы раундқа шықпады. Төртінші раундта боксшы нокдаун алды.
Осылайша, Матиас кәсіби мансабындағы 17-ші жеңіске жетті, ал Жүкембаев бірінші рет жеңіліс тапты. Жекпе-жек Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйымдастырған мини-турнирдің аясында өтті. Жеңімпаз енді екінші «жартылай финалдың» жеңімпазымен кездесуі керек. Онда британдық боксшы Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) мен аргентиналық Херемиас Понсе (17-0, 17 КО) айқасады. Одан кейін екі жекпе-жек жеңімпаздары өзара айқасып, IBF нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулына ресми үміткерді анықтайды.