05 қаз, 2016 сағат 19:50

Қашағаннан мұнай өндіруді кешіктіруге болмайды

- Мұнай саласының мамандары  Қашаған кен орнынан мұнай өндіруді бастауды кейінге қалдыруға болмайтынын айтты.

«Егер біз мұнай өндіруді арттырсақ, сатылым нарығын жоғалтамыз. Қанша мұнай өндіретініміз маңызды емес, оны кімге сататынымыз маңыздырақ»,- деді «KazService» мұнай сервисі одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов.

Оның айтуынша, егер біз бүгін жиырма жылдың ішінде қатынас орнатқан нарықтан бас тартатын болсақ, ол орынды Иран, Араб Әмірлігі, Ливан басып алуы мүмкін.

«Өткізу нарығын жоғалтып алмас үшін өндіріс көлемін ұлғайту қажет. Егер бірқатар өндіріс орындарындағы мұнай алуды тоқтатсақ, мұнай бағасы тұрақталғанда оларды қайта іске қосу үшін қомақты инвестиция қажет болады. Оны қайдан аламыз?», - деді Жақсылықов.

Сөз кезегін алған «ҚазМұнайГаз» АҚ экс-президенті, Caspian Pipeline Cons­ortium (CPC) бас директоры Қайыргелді Қабылдин қазіргі уақытта Қашағанның іске қосылуын күтіп отырғандар көп екенін айтты.

«Мұнай бағасына қатысты айтатын болсақ. Қашағаннан алынған мұнай, меніңше, қара алтын бағасына әсер етпейді деп ойлаймын. Әлем күніне 90 млн баррель өндіріп отырғанда, Қашағаннан тәулігіне алатын 300 мың баррель көп емес. Меніңше, Қашағанның іске қосылғаны баға факторына әсер ете алмайды. Қазіргі нарық бағамы басқа себептерге байланысты қалыптасып отыр. Қазақстан қазір тәулігіне 1,5 млн баррель мұнай өндіреді. Сондықтан, Қашағанның іске қосылуы әлемдік нарықтағы баға нарығына әсер етпейді», - деді Қайыргелді Қабылдин.

Еске, сала кетейік, 2013 жылдың 11 қыркүйегінде Қашаған кен орнында бірінші мұнай өндіру жұмыстары басталған. Алайда, 25 қыркүйектегі апатқа байланысты жұмысы тоқтатылды.

ҚазАқпарат