Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE-ке сілтеме жасап.
Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1 қыркүйектің кешімен салыстырғанда 1,11 теңгеге төмендеп, 1 доллары 418,13 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 2 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 419,24 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы - 420,01 теңге, сатып алу – 418,49 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы - 419,67 теңгеден болса, ал сатып алу – 418,50 теңге.