17 там, 2020 сағат 11:26

KASE: доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 14 тамыз кешімен салыстырғанда 0,82 теңгеге түсіп, 1 доллар үшін 418,2 теңгені құрады. 

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,02 теңге. 

Сондай-ақ Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа курсы 1 доллар - 418,19 теңге, сату бағасы - 419,72 теңге. Нұр-Сұлтан қаласында сәйкесінше 418,23 және 419,42 теңге.