Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 383,43 теңгені құрады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE-ге сілтеме жасап.
Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,08 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 383 теңге, ал ең жоғарысы 384,4 теңге болды. Сауда көлемі 164,18 млн долларға жетті.
Еске сала кетсек, бейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 384,51 теңгені, күндізгі сессияда 384,56 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 384,53 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 312,154 млн доллар.