Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 тамыз кешімен салыстырғанда 1,41 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 418,07 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 419,15 теңге, сатып алу – 417,54 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 419,16 теңгеден болса, ал сатып алу – 417,95 теңгені құрайды.