Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Twitter желісіндегі парақшасында жазылды.
"Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев 1965 жылы 22 қыркүйекте Қызылорда облысында дүниеге келген. 1990 жылы П. Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін математик мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде қаржыгер мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 1990 жылдан бастап Қазақ ССР ҒА Математика және механика иститутының зерттеушісі. 1990 жылдан бастап 1992 жыл аралығында П. Лумумба атындағы ХДУ аспиранты; 1992 жылдан бастап "Алас фирмасы" ЖШС-нің коммерциялық директоры; 1997 жылдан бастап "Алаугаз" АҚ-да басқарушы, "Акцепт-Профиль" ЖШС вице-президенті; 1997 жылдан бастап 2003 жыл аралығында "Алаугаз" АҚ президентінің м.а., "Алаугаз" АҚ президенті; 2005 жылдан бастап Батыс Қазастан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары; 2008 жылдың қазанынан бастап желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаменті Ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымдар мониторингі мен ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы; 2008 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алкоголь, темекі және өзге де акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Акциздерді әкімшілендіру басқармасының бастығы; 2009 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары; 2012 жылдың ақпанынан 2014 жылдың тамыз айына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болды.