ҚР Премьер-министрі соңғы жұмыс сапары аясында өңірдің индустриялық даму перспективасын бағалау үшін Жезқазғанға барды, деп хабарлайды Pm.kz.
Жезқазған қаласында Кәрім Мәсімов «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мыс қорыту зауытын аралайды. Экономиканың негізгі драйвері – металлургия өнеркәсібін дамытуға Үкімет ерекше мән береді.
«Bayan» ЖШС-да Премьер-министр мамандандырылған азық-түлік өндірісімен танысады, азық-түлік кәсіпорны негізінен металлургтерді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Премьер-министр Ұлытау тарихи-мәдени нысанын аралайды және өңірдің туристік бағыттағы даму перспективасын бағалау үшін кеңес өткізеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-министр Қазақстанның өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Осы жылдың 15 маусымы мен 16 тамызы аралығында Кәрім Мәсімов Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына және Алматы қаласына барды.
Ұлт порталы