Фото: gov.kz
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл ақпаратты растаған, деп жазады Ult.kz.
Қаржы министрлігінің бұйрығымен тұрғын үй ресми түрде "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының" қарамағына бекітілді.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ерекше қажеттілігі бар балаларға білім беру сұранысының өсуіне байланысты арнайы және инклюзивті ұйымдардың желісі кеңейтіледі.
Негізгі орталық Алматыда болса, Астанада филиалы ашылады. Бұл бірыңғай ғылыми-әдістемелік база құрып, мамандар мен ата-аналарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
