- Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіптік, тарихи-мәдени нысандарды аралап, маңызды мәселелерді талқылау үшін қоғам өкілдерімен кездесу өткізеді және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалайды деп күтілуде, деп хабарлайды pm.kz.
Кәрім Мәсімов аэровокзалдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарымен танысып, Шымкент қаласындағы көлік инфрақұрылымы нысандарының қауіпсіздік жүйесін тексереді.
Премьер-Министрдің жұмыс кестесінде АӨК проблемаларына ерекше назар аударылған. Кәрім Мәсімов «Мемлекет» ӘКК мысалында жеке қосалқы шаруашылықтағы тиімді өндірісті қалай ұйымдастыру керек екені туралы жұмыс барысымен танысады. Оңтүстік өңірдегі агрокәсіпкерлермен кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.
Білім беру саласындағы өзекті мәселелер жөнінде тағы бір кеңес өткізу жоспарланған. Мұнда Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, БҒМ, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысының, Астана және Алматы қаласының әкімдігі өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта құру барысымен және нәтижелерiмен танысады. Зауытта өндірісті модернизациялау жұмысы 2017 жылы аяқталады және бұл айтарлықтай экономикалық әсер береді.
ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірлерді жұмыс сапарымен аралап жүр. 15 маусымынан бастап Кәрім Мәсімов Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына және Алматы қаласына барды.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының халқы - 2,8 миллионнан астам, оның 54,9%-ы - ауыл тұрғындары. Облыс ШОБ саны, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша алда келеді.
2016 жылдың бірінші тоқсанында 604,2 млрд теңгені құрайтын ОҚО өңірлік өнімдерін өндірген. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп (25,9%), көлік (11,8%), сауда (9,4%), ауыл шаруашылығының (5,3%) үлесі басым.
Ұлт порталы