Фото: Ақыш дереккөз
Қараша – күздің соңғы айы, жылды қорытындылап, жаңа кезеңге дайындық басталатын уақыт. Бұл айда Қазақстанда заң бойынша бекітілген мемлекеттік мерекелер жоқ. Сондықтан қарашада демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылы қараша айындағы демалыс кестесі:
Бес күндік жұмыс аптасында – 10 күн демалыс (сенбі және жексенбі күндері).
Алты күндік жұмыс аптасында – 4 күн демалыс (жексенбі күндері).
Дегенмен қарашада ел экономикасы мен түрлі сала мамандарының еңбегін ұлықтайтын кәсіби мерекелер көп.
Кәсіби мерекелер:
5 қараша – Сыртқы барлау күні;
8 қараша – Статистика күні;
10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;
11 қараша – Энергия үнемдеу күні;
15 қараша – Қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні және Ұлттық валюта – Теңге күні;
16 қараша (үшінші сенбі) – Бұрғылаушылар күні;
17 қараша (үшінші жексенбі) – Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;
18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні.
