Білім министрі Ерлан Сағадиевтің айналасындағы шу да, дау да бір сәтке толастар емес. Қызметке келгелі өз саласында айтулы өзгерістер жасағандай көрінгенімен, жаңа бастамаларға қарапайым халықтың да, ұстаздар қауымының да көңіл толмай жүргені рас. Көпшілік пікірінше, Сағадиев бастамалары қазақ балаларын оқыту емес, "қорқыту" үшін жасалған амалдардай көрінеді. Ендеше, Ұлт порталы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен "Ата-аналар қауымдастығының" министрге қойған бірқатар сауалы таспаланған видеосын ұсынғанды жөн деп санайды.