«Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» атты экспедиция Қарағандыдан Семейге жол тартты. Сапарды «Ақ жол» партиясының мүшелері ұйымдастырды. Партия белсенділері Ұлы қазақ ақынының орындарын аралап, оның еңбектерінің жаңа қырларын зерттеуге ниетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қарағандылық қоғам белсенділері рухани сапарға аттанды. «Ақжол» партиясы ұйымдастырған экспедиция Ұлы Абайдың ізімен ел аралап, оның еңбектерін зерттеу жоспарлануда. Осылайша экспедиция қатысушылары Абайдың Қара сөздерінің жаңа қырларын ашуға ниетті.
Белсенділер тұрғындармен кездесу олардың негізгі идеяларының жаңа мағыналарын табуға көмектесетініне сенімді. 4 күн ішінде автокеруен мыңдаған шақырым жол жүріп өтеді.
Осы уақыт аралығында экспедиция мүшелері Қарағанды – Қарқаралы – Қарағайлы – Қайнар - Саржал – Қаратал – Жидебай – Ақшоқы – Еңлік-Кебек үңгірі – Мұхтар Әуезовтың ауылы Бөрілі – Семей қаласындағы Абай мұражайы – Егіндібұлақ – Үшқара – Қарағанды бағытында жол жүруді жоспарлап отыр.
«Абай және парламентаризм», «Абай және көппартиялық жүйе», «Абай және демократия». Әрине, бұл мәселелерді айтқан кезде қазіргі терминологияға Абай атамыздың еңбектері жауап бермейтін сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ, өзіңіз білесіз, Абайдың еңбектері астарлы. Сол астарлы, құнды, әлі де зерттелмеген жақтарын зерттеп, қазіргі біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, ұлттың жаңа кейпін табу - осы автошерудегі біздің негізгі мақсатымыз», - деп түсіндірді «Ақжол» демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Бейбіт Құлмағанбет.