16 қаз, 2025 сағат 16:05

Қарағандыда ми операцияларын жасайтын робот алғаш рет қолданысқа енгізілді

Фото: Egov.kz

Оңтүстік-Шығыстағы Мақажанов атындағы ауруханада аймақ бойынша алғашқы Remebot нейрохирургиялық роботы іске қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл - миға ота жасауда дәрігерлерге 3D форматта жоспар құруға және аса жоғары дәлдікпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи технология.

🔹 Remebot – нейрохирургиядағы ең озық роботтардың бірі
🔹 Жылына 300-ге дейін күрделі операция жасауға мүмкіндік береді
🔹 Емделушілердің қауіпсіздігін арттырады
🔹 Биопсия, ми ісігін абляциялау сынды күрделі ем-шараларды жүргізуге болады

Мамандардың айтуынша, бұл құрылғы Қарағанды облысындағы медицинаның дамуына қуатты серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етпек.