Фото: Polisia.kz
Қарағандының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі көшеден табылған сәби анасына қайтарылуы мүмкін екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қазір тергеу амалдары жүргізіліп, нәрестенің 22 жастағы анасының психикалық жағдайын анықтау мақсатында сараптама жүргізіліп жатыр.
"Егер ол өзін ұстай алмайтын жағдайда болғаны немесе күшті препараттан есенгірегені немесе баладан құтылу үшін оған қандай да бір қысым жасалғаны анықталса, онда бала оған қайтарылуы мүмкін. Немесе ата-ана құқығы шектелуі мүмкін. Әзірге оның әрекетіне құқықтық баға берілген жоқ. Сәбиді әдейі тастап кетіп, баланы көргісі, бақысы келмесе, оған сәби берілмейді. Ол нәресте үйіне беріледі. Ал есейген соң балалар үйіне ауыстырылады", - деп хабарлады Қарағанды "Білім бөлімі" қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі.
Сонымен қатар, ведомство теориялық тұрғыдан басқалар нәрестені асырап ала алатынын атап өтті.
"Баланың жағдайы әлі анықталған жоқ. Егер "жетім" немесе "бас тартылып" мәртебесі анықталса, бала асырап алуға беріледі. Әзірге асырап алуға үміткерлерді қарастыра алмаймыз. Барлығы заңға сәйкес болуы керек", - деп жазды "Патриот".
Бала қазір балалар ауруханасында тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, 22 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адамға қатысты "баланы қауiптi жағдайда қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс тергелуіп жатыр.
Еске салайық, 24 ақпанда кешкі сағат 10-да Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісі маңында ер адам жерде жатқан баланы тауып алған. Полиция 28 ақпанда сәбидің 22 жастағы анасы мен оның 29 жастағы әкесінің ұсталғанын хабарлады.