Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
"Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.
Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағанды облысы әкімі болып 2014 жылы 20 маусымда тағайындалған болатын. Бүгін бұл қызметке Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы Ерлан Жақанұлы Қошанов келді.