Фото: Қарағанды облысы ТЖД
Қарағанды облысында 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Tengrinews.kzке сілтеме жасап.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде үш балықшы мінген көлік мұзға құлап кеткен. Екі балықшы өз бетімен шығып үлгерген, медициналық көмек қажет болмады. Ал 39 жастағы балықшыны іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр.
"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ "ГНОМ" суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: қиын ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып табылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, іздеу аумағыда үлкен. Ол үшін үнемі іздестіру аймағын кеңейтіп, мұзда жаңа жолақтарды кесіп, сүңгуірдің түсуі үшін арнайы орындарды дайындау керек.